Яндекс.Метрика

По вопросам оказания государственных услуг можно обратиться по телефону

+7(7162)521484, +7(7162)315620

МAPAПAТТАУ ПАРАҒЫ

  1. Тегі, аты, әкесініңаты: Сапиева Разия Куандыковна
  2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК «Мейірбандылық пен ержүректілік» музейінің меңгерушісі
  3. Жынысы: әйел
  4. Туған жылы және туған жері: 1957 жылы, Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы.
  5. Ұлты: қазақ
  6. Білімі: жоғары, 1979 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені педагогикалық институты, мамандығы «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі»
  7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
  8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: жоқ
  9. Мекенжайы: Ақмола облсының Көкшетау қаласы, Центральный ш/а, 36/2 үй, 23 пәтер
  10. Жалпы жұмыс өтілі: 44 жыл
  11. Саладағы жұмыс өтілі: 44 жыл
  12. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 44 жыл
  13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі көрсететін мінездемесі:

1.Сапиева Разия Куандыковна Көкшетау жоғары медициналық колледжінде 1979 жылдан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын қоғамтану ғылымдар негіздері оқытушысы ретінде бастаған. 1997 жылына дейін әлеуметтік-экономикалық пәндер цикл әдістемелік комиссияның төрайымының лауазымын атқарды. Педагог-ұйымдастырушы лауазымда жұмыс істеді, 2000 жылы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтардың 1-нен бастап «Мейірбандылық пен ержүректілік» халық музейдің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

  1. 2021 жылы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен, 2019 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хатымен, 2018 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2005 жылы Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  2. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен марапатталды.
  3. 2014 жылы Ақмола облысы білім басқармасының бұйрығымен тарих пәні оқутышысының жоғары біліктілік санаты расталды.
  4. Разия Қуандыққызының басшылығымен халықаралық, республикалық, облыстық конференциялар өткізілді, оның нәтижелері БАҚ-та жарияланды:
    • «Мейірімділік пен батылдық» музейдің 40 жылдығына арналған «Барлық уақыттағы мейірімділік» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция ( Халықаралық қатысумен) - қазан 2022ж.
    • А. Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған «А. Иманов-Торғай өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің жетекшісі» - сәуір 2023 ж.
    • Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына арналған «Біздің ұлы бабамыз» - сәуір 2023 ж.
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қабылдаудың 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік рәміздері» - маусым 2022 ж.
    • Қазақстанның БҰҰ-ға кіргенінің 30 жылдығына арналған «БҰҰ-ға 30 жыл» - наурыз 2022 ж.
    • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ақмола облысы» - мамыр 2021 ж.
    • «Ұлы даланың әйгілі әйелдері» - наурыз 2021 ж.
    • Көкшетау жоғары медициналық колледжінің 70 жылдығына арналған «Қазақстандағы медициналық білім беру тарихы оқытушылар, түлектер, студенттер қызметінің призмасы арқылы» - қазан 2019 ж.
    • «Біздің жерлестеріміз-ауған оқиғаларының қатысушылары» - ақпан 2019 ж.
    • «Қазақстанның халық медицинасы» - қараша 2018 ж.
  5. Жаңа стандарт бойынша жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ауысу емтиханына арналған емтихан материалдарын жасауға қатысты. Разия Куандыковнаның шәкірттері денсаулық саласында биік белестерге жетіп, халқымыздың денсаулығының жақсаруына мол үлес қосуда. Үнемі педагогикалық шеберлігін және кәсіптік біліктілігін арттыруда. Медициналық қызметкерлерді тәрбиелеуде әлеуметтік белсенді және кәсіби тұрғыдан қажетсінген тұлғаларды қалыптастыруды негізге алады. Тарихи оқиғалар негізінде студенттер бойына рухани-өнегелік құндылықтарды, жауапкершілікті, талпынысты, қайырымдылық пен мейірімділікті дарытады. Болашақ мамандардың өнегелі тұлға ретінде қалыптасуында «Мейірбандылық пен ержүректілік» музейі маңызды орынға ие, өйткені қай кезеңдегі болмасын мейірбикелердің жұмысы мен ерлік істері өз мамандығына, өз Отанына, халқына деген сүйіспеншіліктің көрінісі болып табылған. Ф. Найтингейл халықаралық медалімен марапатталған әлемнің медбикелеріне арналған әлемдегі жалғыз музейдің меңгерушісі бола отырып, Разия Куандыковна халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференциялар өткізеді. Сонымен қатар, студенттер үшін ардагерлермен, колледж түлектерімен, ауған оқиғаларына қатысушылармен кездесулер өткізеді. Разия Куандыковна студенттерді Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі біздің облысымыздан шыққан мейірбикелердің істерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына тартып отыр. «Денсаулық сақтаудың құрылу және даму тарихы» жобасына жетекшілік еткен. Цикл пәндерін оқыту барысында медицина пәндерімен арадағы байланысқа назар аударады. 2022 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған Бүкілресейлік конкурсқа қатысу үшін Р.Сапиева «Мейірімділік пен батылдық» халықтық музейі туралы бейнеролик дайындады, ол республикалық ауқымда іріктеу турынан өтіп, кейіннен Мәскеу қаласына жіберілген. Колледжде жұмыс істеген кезінде Разия Куандыковна жыл сайын сынып жетекшісі бола отырып, студенттерге жетекшілік етеді. Өз ісіне жауапты және адал маманы ретінде танылған. Ұжым мен студенттердің арасында сыйлы.

Кандидатура Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК комиссиясының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 4 хаттамасы бойынша талқыланған және ұсынылған. «Еңбек ардагері» медалімен марапаттауға ұсынылады.

Ақмола облысы денсаулық сақтау

басқармасы жанындағы «Көкшетау

жоғары медициналық колледжі»

МКҚК директорының м.а.


(қолы)

Карашина Айнур Ануарбековна

(тегі, аты, әкесінің аты)

«_» __ ж.

(толтырған күні)

мөрдің орны