По вопросам оказания государственных услуг можно обратиться по телефону
+7(7162)521484, +7(7162)315620
Демократияландыруға қарай жаңа қадам жасалды
Жазған: МС-11 тобының студенті Садвакас Салтанат Боранбайкызы Мемлекет басшысының жаңа жолдауы мені ерекше толғандырды . «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деген атауының өзінен-ақ үлкен мағынаға толы екенін сезуге болады . Ең бірінші кезекте, бұл жолдаудың әр тарауы үлкен байыппен әрі дұрыс саясатты көздегені байқалады . Бірінші бағдар ретінде елдің экономикалық саясатын аталғанын – дұрыс деп санаймын .Себебі елдің дамуы ең бірінші кезекте оның экономикасымен байланысты . Еңбек өнімділігінің төмендігі мен инновацияның жеткіліксіздігі секілді мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Мәселелер жай ғана аталып қоймай, оларды нақты шешу жолдары атап көрсетілді . Мәселен ,
Екінші бағдарға зер алып қарасақ, Президенттің үкіметке нақты тапсырмалар бергендігін байқауымызға болады. Индустрия және жер қойнауын игеру салаларына ерекше назар аударған. Одан бөлек еліміздің транзиттік қуатын арттыру мәселесі кеңінен сөз етіледі.
Аталған жолдаудағы ең кереметі – ашықтық . Президент пен қоғам арасындағы диалогты сезінуге болады, Президент халыққа үн салып , нақты болып жатқан проблемалардан ысырылмай бетке атады. Үкіметтің жасап жатқан олқылықтары, шеше алмаған жанар-жағармай, қантқа қатысты мәселелердің барлығы ашық аталды.
Үшінші бағдар : ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция.
Бұл бағдарда еліміздің басты құндылығы адам екендігіне ерекше назар аударылып, денсаулық сақтау мәселесіне назар аударылды. Ұлт болашағының жарқын болуының бір шарты – сау ұрпақ. Сол себепті , жолдауда денсаулық сақтау мәселесіне көңіл аударылғаны қуантарлық жағдай . Бұл бағдарда да Президент еліміздегі денсаулық сақтау мәселесінде талай қателіктер орын алғанын атайды, және үкіметке медициналық инфрақұрылымды дамытуды тапсырады. Мектеп жағдайы, студент жағдайы , бала-бақша жағдайы , зейнетақыны жаңғырту , еңбекақыны өсіру бәрі-бәрі қамтылған. Елді көптен бері толғандырып жүрген сауалдар , бұл жолдаудан жауап тапқандай.
Төртінші және бесінші бағдарда мемлекеттік басқару ісі, заң және тәртіп мәселелері толықтай қамтылған. Осы жолдауға қарай отыра, Жолдаудың ерекше «халықпен диалог» әдісіне құрылғандығын атау жөн. Онымен қоса,
Жер мәселесінен бала-бақшадағы ұрпағымыздың жағдайына дейін мәселелер кеңінен қолданылған.
Бұл жолдау шыныменде , «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғамды» құруға бағытталғанын байқауға болады. Аталған шешу жолдары толығымен, Президент атағандай нақты орындалатын болса , бұл біздің «Жаңа Қазақстанға » қарай басқан ілгері қадамымыз болады деп сенемін .