
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады
+7(7162)521484, +7(7162)315620
Облыстық практикалық конференция
2025 жылғы 18 маусымда Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледж базасында «Қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің өзекті міндеттері» тақырыбында облыстық практикалық конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – білім беру мекемелерінде психологиялық қауіпсіздік пен қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің психикалық саулығын сақтау мақсатында психологиялық қызметтердің өзара іс-әрекетін нығайту. Конференция аясында төрт бағыт бойынша секциялық жұмыстар ұйымдастырылды:
• балалар психологиясы;
• аутодеструктивті мінез-құлықпен жұмыс істеудің этикасы мен тәжірибесі;
• ата-аналармен жұмыс;
• техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру.
Секциялық отырыстар барысында қазіргі балалардың психологиялық дамуын қалыптастырудың практикалық әдістері, жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқымен жұмыс жүргізудегі этика мен тәжірибе, ата-аналармен жүргізілетін психологиялық ағарту жұмыстары, сондай-ақ сын мен нотациясыз эмоционалды қауіпсіз орта қалыптастыру жолдары сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Конференция аясында Көкшетау жоғары медициналық колледжінің педагог-психологі Куандыкова Бану Сериковна 2-секцияда «Аутодеструктивті мінез-құлық» тақырыбы бойынша спикер ретінде баяндама жасап, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Белсенді қатысқаны мен кәсіби үлесі үшін спикер сертификатпен марапатталды.