Яндекс.Метрика

Экология және денсаулық

Осы хэштег аясында колледж студенттерінің «Байтақ» атты Қазақстан партиясы Ақмола филиалының сайлауалды штабының жетекшісі М.А.Каримов және партия мүшесі Г.Т.Камелиновамен (КЖМК түлегі, «Мен өзім жүремін» қайырымдылық қорының жетекшісі) кездесуі өтті. Марат Асылұлы студенттерді экологиялық мәселелерді шешудегі партияның мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Сауатты адам барлығы экологиялық проблемаларына қатысты екенін түсінеді. Өмір сүру үшін кез келген адамға сапалы су, ауа, тамақ керек. Білім алушыларды шет елдердің экологиялық мәдениетімен де таныстырып кетті. Гаукар Темірғалиқызы экология мен денсаулықтың байланысына назар аударып, студенттерді экологиялық волонтерлік белсенділікке шақырды. Студенттеріміз сұрақтар қойды, кейбіреулері «Байтақ» партиясының экологиялық акциясына қатысуға қызығушылық танытты, атап айтқанда ағаш егу, жүгіру мен жеңіл қоқыс жинау, сенбіліктерге қатысу және т.б. Кездесу іскерлік деңгейде өтті, қатысушылар қажетті ақпаратпен алмасты.