Яндекс.Метрика

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады

+7(7162)521484, +7(7162)315620

Мейіргер ісі

Көкшетау жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі.

Білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетіндерге «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қажетті алдыңғы білім деңгейі жалпы орта білім болып табылады.

Кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі

Негізгі орта білім негізінде

Орта буын маманы

0302033 – «Жалпы практика мейіргері»

3 жыл 10 ай

Жалпы орта білім негізінде

 

 

Орта буын маманы

0302033 – «Жалпы практика мейіргері» 

2 жыл 10 ай

Осы білім беру бағдарламасының түлектері «Жалпы практика мейіргері» біліктілігіне ие, болашақ мамандарға келесідей мүмкіншіліктер бар:

  • қойылған мақсаттарды есепке ала отырып, міндеттерді айқындау,  мейіргерлік және дәрігерлік  қызмет көрсету; 
  • пациентке күтім жасау кезінде мейірбикелік үдерістің негізгі кезеңдерін енгізу және құжаттау;
  • пациенттерге  бағдарланған мейірбикелік күтімді қамтамасыз етуде сенімді дәлелді мейірбикелік  тәжірибені  қолдану;
  • денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде инфекциялық бақылау, науқастардың және медициналық қызметкерлердің жұқпалы қауіпсіздігінің талаптарын орындау;
  • ауруханалық ұйымда дәрігер тағайындаған алдын алу, терапиялық, диагностикалық шараларды орындауға, құралдарды дайындауға және күрделі манипуляциялар  жүргізу кезінде дәрігерге көмек  көрсету;
  • өз біліміне, кіші медициналық қызметкерлердің кәсіби даярлықтарына, біліктілігін арттыру және олардың кәсіби қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолдануға жауапты болу;
  • стационарлық бөлімше мен амбулаториялық- емханалық ұйымның құрылымдық бөлімшесін  есепке алу және есеп беру құжаттамасын рәсімдеу;
  • дәрігердің амбулаториялық  қабылдауын  ұйымдастыру (жұмыс орнын, құралдарды, құралдарды дайындау, жеке амбулаториялық карталарды дайындау, бланкілер,, рецептер, анамнез жинау, науқастарды алдын-ала қарау);
  • науқасты зертханалық, функционалдық, аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау;
  • мейірбикелік және медициналық-алдын алу  қызмет саласындағы медбикелердің  жұмысын, олардың іс-әрекетінің нәтижесі үшін жартылай жауапты болу арқылы  басқару.