Яндекс.Метрика

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады

+7(7162)521484, +7(7162)315620

Емдеу ісі

Көкшетау жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша мамандар дайындау жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетіндерге «Емдеу ісі» мамандығы бойынша қажетті алдыңғы білім деңгейі жалпы орта білім болып табылады.

Кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі.

Негізгі орта білім негізінде

Орта буын маманы

030101 3 – «Фельдшер»

2 жыл 10 ай

Жалпы орта білім негізінде

 

 

Орта буын маманы

030102 3 – «Акушер» 

2 жыл 10 ай

Осы білім беру бағдарламасының түлектеріне «Фельдшер» біліктілігі тағайындалып, олар келесідей мүмкіншілік алады:    

  • стационар, емхана, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушерлік пункттерінде (ФАП), алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарында түрлі  жастағы науқастарға арналған медициналық-диагностикалық, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қатысу;
  • науқастың жағдайын бағалау және өткір аурулар мен жазатайым оқиғалар барысында  жедел  медициналық жәрдем көрсету;
  • эпидемияның төтенше жағдайларында, жаппай  эпидемиялық жағдайда халыққа медициналық көмек көрсету;
  • науқастарды оңалтуға, сондай-ақ әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп,  ауруханаларда, жалғызбасты науқастарға, қарттарға, мүгедектерге  және созылмалы науқастарға күтім жасау мен интернаттарға орналастыруды ұйымдастыруға қатысу үшін қайырымдылық қызмет көрсету; науқастармен және олардың отбасыларымен ынтымақтастықта болып, науқастың құқықтарын құрметтеу және әр түрлі жастағы халықтың денсаулығын нығайту және   қолдау шараларын  жасау;
  • науқастың денсаулығына (физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) қауіпті факторлар туралы және олардың денсаулығына әсерін азайту туралы халыққа кеңес беру;
  • науқас пен оның әртүрлі жастағы отбасы мүщелеріне  денсаулықты қалай сақтауға үйрету;
  • заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, ауруды анықтау сондай-ақ жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын-алу

     Осы білім беру бағдарламасының түлектеріне «Акушер» біліктілігі беріледі, ол келешек мамандарға  келесідей  мүмкіндік береді:

  • кішкентай балаларды тамақтандыру (емшек сүті, қосымша тамақ өнімдері), психоәлеуметтік даму, қатаю, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, кәсіптік бағдарлауға дайындау мәселелері бойынша кеңес беру;
  • жеке тұлғалар, отбасылар мен халық топтары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
  • науқас пен оның отбасына денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру;
  • қауіпсіздік деңгейін арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды қолдану;
  • науқастың диагнозын, емделуін және күтімін жүзеге асырады, оның отбасы мен қоршаған орта  қатысу арқылы  жеке  тұлғаға бағытталған тәсіл қолдану;
  • әртүрлі науқастар үшін  емдеу және шұғыл көмек көрсету принципін анықтау;
  • емдеу шаралардың тиімділігін бағалау.
  • аурулар мен сыни жағдайлар кезінде реанимация және реанимацияның заманауи әдістерін қолдану;
  • дәлелді медицина тәжірибесін  кәсіби қызметте қолдану;
  • медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес рәсімдерді жүзеге асыру;
  • отбасын жоспарлау және контрацепция әдістеріне қатысты кеңес беру.