Яндекс.Метрика

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады

+7(7162)521484, +7(7162)315620

Зертханалық диагностика

Көкшетау жоғары медициналық колледжінде «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша мамандар дайындау жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетіндерге «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қажетті алдыңғы білім деңгейі жалпы орта білім болып табылады.

Кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі

Жалпы орта білім негізінде

 

 

 

 

Орта буын маманы

 

0305013 – «Медициналық лаборант»

2 жыл 10 ай

Осы білім беру бағдарламасының түлектеріне «Медициналық лаборант» біліктілігі тағайындалып, олар келесідей мүмкіншілік алады:

  • зертханалық клиникалық биохимиялық, микробиологиялық, гистологиялық, иммунологиялық, биологиялық  материалдарды зерттеу, сапаны бақылауға қатысу;
  • қоршаған ортаны және өндіріс ортасын зертханалық бақылауды, тағам қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
  • зертханалық, функционалдық, аспаптық зерттеу әдістеріне дайындық мәселелері бойынша  науқастарға  кеңес беру;
  • алынған ақпаратты талдау мен статистикалық өңдеу әдісін меңгеру;
  • нормативтік құжаттарды қолдану, кәсіби қызметінде технологиялар  өзгеруіне дайын болу;
  • халықтың салауатты өмір салтын насихаттауды  және гигиеналық білім беруді  дамыту;
  • төтенше жағдайларда  алғашқы көмек көрсету;
  • медициналық статистикадағы орташа және салыстырмалык көлемді, кең және қарқынды  көрсеткіштерін  анықтау.