Яндекс.Метрика

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады

+7(7162)521484, +7(7162)315620

Мереке қарсаңыңда

16 маусымда Көкшетау жоғары медициналық колледжінің "Мейірбандылық және ержүректілік" мұражайында Қазақстан Халық партиясының Ақмола филиалы медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Мұражайға экскурсия жүргізіліп, марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың арасында: О. Г. Лесечко – еңбек ардагері, нейрохирургия бөлімшесінің аға медбикесі, С. Г. Камриков – көз микрохирургиясы бөлімшесінің офтальмолог дәрігері, Э. С. Жолдасбекова-Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің аға медбикесі, А. Н. Смағұлова – көпбейінді облыстық аурухананың реанимация бөлімшесінің кіші қызметкері.

Алғыс хаттар колледж директоры Қ. А. Қадырбаеваға және студент Н. Шарафутдиновқа – партияның жастар қанатының өкіліне табыс етілді. Партияның облыстық филиалының 1 хатшысы Ж.Кәрімов медицина қызметкерлерінің қоғамды дамытудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда, олардың пандемиямен күрестегі қажырлы еңбегін атап өтті. Барлық қатысушылар "Мейірбандылық және ержүректілік" мұражайының медицина қызметкерлерін қалыптастыру және тәрбиелеу ісіндегі маңыздылығын атап өтті. Марапатталғандардың арасында біздің түлектер, офтальмолог-дәрігер С. Г. Камриков, медбике Э. С. Жолдасбекова болды.