
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады
+7(7162)521484, +7(7162)315620
Облыстық конкурс
14-16 мамыр аралығында «Парус» сауықтыру лагерінде Ақмола облысының білім беру ұйымдары мұражайларының «Уақыт – байланыстыруші желі» атты облыстық байқауы өтті. Бұл байқау Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналды. 14 мамырда «Музей тарихы» номинациясы бойынша байқау өтті. Бұл номинацияда МС – 14/9 тобының студенті Қабдуәлі Аққу «Әлемдегі жалғыз» атты жобасын қорғады. 15 мамырда «Үздік музей экскурсоводы» номинациясы бойынша Муравицкая Дарья «Қазақстан флорентинкалары» атты виртуалды экскурсиясын ұсынды. «Ұлы Отан соғысының реликвиялар тарихы» номинациясында Ибыш Аянат «Соғыс скальпелі» атты баяндамасымен, ал Абдуллаева Назбийке «Мейірімділік майдан дәрі қобдишасы» тақырыбындағы ақпаратпен сөз сөйледі. Олар біздің мұражайдың баға жетпес реликвияларын – 1983 жылы мұражайға сыйға тартқан Ф. Найтингейл медалінің иегері М.С. Ноздрачеваның скальпелі мен флорентинка Мелихова-Федюкова М.А.-ға тиесілі санитарлық сөмкені ұсынды. Байқау нәтижесінде Аққу, Дарья және Назбийке бірінші орынға ие болып, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аянат өз номинациясы бойынша екінші орын алып, диплом және сыйлықпен марапатталды. Барлық қатысушылар байқау тақырыбына шынайы қызығушылық танытып, өз жобаларын үлкен эмоциямен қорғады. МС – 14/9 тобының студенттерін жақсы дайындықтары, зерттеушілік рухы және жүлделі орындары үшін шын жүректен құттықтаймыз.