Яндекс.Метрика

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады

+7(7162)521484, +7(7162)315620

Медицина қызметкерлер күнімен құттықтаймыз

2024 жылғы 14 маусымда Көкшетау жоғары медициналық колледжінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. «Аманат» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Шоназаров Умар Файзудинович құттықтау сөз сөйлеп, "Аманат" партиясынан алғыс хаттармен колледж директорының м.а. Молдағали Р.С., Сергалиева Н. С., Абаева Н. Е., Жексенбаева А. А., Оразбаева А. Х. марапатталды. Колледж ұжымын колледж директорының м.а. Молдағали Рүстем Салькиұлы құттықтап, болашақ медицина қызметкерлерін даярлаудағы мінсіз жұмысы үшін алғысын білдірді. Колледж мерейтой иелері А. К. Ашикова мен Ж.К. Закирьяноваға құттықтау хат пен ақшалай сыйақылар табыс етілді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен арнайы пәндер оқытушысы О. В. Головина марапатталды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен арнайы пәндер оқытушысы А.Ж. Даиров марапатталды. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен Б.С. Қуандықова, И.И. Мокрова, М.С. Мажитова, А. С. Серикбаева марапатталды. Колледждің Алғыс хаттарымен С. С. Ахметжанова Құрманғазина С. К. марапатталды. «Ақниет» кәсіподақ ұйымынан Е. О. Дыдыгина, А. М. Фазульжанова Құрмет грамоталарымен марапатталды. Колледж студенттері мен оқытушылары мерекелік концерт дайындады. Ардақты ақ халатты абзал жандар! Шәкірттеріне мейірім шуағын төгіп, шыншылдығымен өнеге бере білген жаны жомарт, пейілі дархан ұстаз-дәрігерлер барлық құрметке лайық! Үлкен өмір ақ жол тілеп, болашақ мамандарды медицина саласына бағыт беріп, еңбектерін аямай жүрген ұстаз-дәрігерлерге мың алғыс!!!