Яндекс.Метрика

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады

+7(7162)521484, +7(7162)315620

Біл және дұрыс әрекет ет

Көкшетау жоғары медициналық колледжінде 19 мамыр күні жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес саласындағы заңнама бойынша студенттердің білім деңгейін арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Шараға Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Курсанова Р.Т. қатысты. Кездесу ашық әрі сенімді диалог форматында өтті. Әрбір студент өз ойын еркін айтып, көкейіндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жастар әртүрлі есірткі қылмыстары үшін қарастырылған жауапкершілік, тәуелділікке түскен адамдарды анықтау әдістері және оларға дер кезінде көмек көрсету жолдары туралы белсенді түрде сұрады. Полиция подполковнигі Разия Талғатқызы Курсанова өзіне тән кәсібилік пен сезімталдық танытып, барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді, маңызды ақпаратпен бөлісіп, нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынды. Қазіргі қоғамда нашақорлық пен онымен байланысты құқықбұзушылықтар ұлт денсаулығына және әлеуметтік тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіреді. Әсіресе, халықтың ең осал тобы — жастардың құқыққа қарсы әрекеттерге тартылуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Кездесу нәтижесінде студенттер есірткі заттарының зияны мен оларды қолданудың салдары туралы білімдерін арттырып қана қоймай, есірткі қылмыстары үшін қарастырылған жауапкершілікпен де танысты. Сонымен қатар, олар нашақорларға көмек көрсету жолдары туралы мәлімет алып, салауатты өмір салтын насихаттауға және нашақорлықтың алдын алуға белсенді атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.