Яндекс.Метрика

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарға келесі телефон номерлері арқылы байланысуға болады

+7(7162)521484, +7(7162)315620

Бала еңбегін қанауға жол жоқ!

Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттері оның негізгі мақсаты балалар еңбегі проблемасына және оның ең нашар түрлеріне назар аудару болып табылатын «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық кампаниясы аясында Көкшетау қаласының тұрғындары арасында «Балалар еңбегін қанауға жол Жоқ!» ұранымен іс –шаралар өткізілді. Акция барысында студенттер жастар мен Көкшетау қаласының тұрғындары арасында кәмелетке толмағандарға қатысты қандай құқыққа қайшы әрекеттер қолданылуы мүмкін екендігін түсіндірді, жыныстық құлдық, қауіпті жұмыс, құқыққа қарсы әрекет және т.б. жасөспірімдерді қанаудың ең нашар түрлері туралы айтты. Кітапханада әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып, «Балалар еңбегін жою» тақырыбында нормативтік-құқықтық әдебиеттер бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер балалар еңбегінің проблемалары, кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырудың құқықтық аспектілері туралы әңгімеледі. Пихологиялық қызметпен «Ескертілген адам – қарулы адам» тренингін өткізді. Тренинг барысында студенттер өз құндылықтарымен бөлісті және қоғамда болып жатқан немесе өмірде болуы мүмкін жағдайдан қалай шығуды талқылады. Ақпараттық компанияның соңында «Жастар спортты таңдайды» тақырыбындағы спорттық мерекені ұйымдастырды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде студенттер өздерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып, қиын жағдайлардан шығудың білімін, дағдылары мен жолдарын қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.