Яндекс.Метрика

Қарт адамдарға қамқорлық

Өңіріміздегі ауа райы жағдайы қарттарды, әсіресе, жылдар бойы еңбекке қабілеттілігін жоғалтқандарды қуанта бермейді. Осы сәттерде бей-жай қарамайтын тұрғындар мен еріктілер көмекке келеді. Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттері осындай сәттерінде қол ұшын үнемі беріп тұрады. Тыл еңбеккері А.М. Шатохина аумақты қардан тазалауға көмектескен үшін алғысын білдіреді «Сіздің көмектеріңіз – қарт адамдар үшін баға жетпес үлес және қуатты тірек. Игілікті істер елеусіз қалмайды, осындай еңбекқор, зейінді, саналы жастар үшін ата-аналар мен колледж басшылығына алғыс айтамын».