Яндекс.Метрика

ALTYN SHIPAGER

2022 жылғы 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында "Дені cау ұлт" ұлттық медициналық Саммиті шеңберінде жыл сайынғы "ALTYN SHIPAGER" Ұлттық медициналық сыйлығын марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шараның мақсаты медициналық қоғамдастықтың жеке және мемлекеттік секторлары өкілдерінің коммуникациялық алаңын құру, медицина саласының қызметкерлерін қолдау және ынталандыру, Қазақстанның медициналық қызмет саласына тартылған жеке және заңды тұлғалардың жұмыс сапасын жақсартуға оң ықпал ету, отандық медицина және медициналық туризм саласына инвестициялардың өсуін ынталандыру болып табылады. Миссиясы: адамның өмір сүру ұзақтығын арттыру және медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жалпы мемлекеттік мақсатқа қол жеткізуге қосқан үлесі.

Міндеттері: • Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерін қолдау жөніндегі идеясын іске асыру; • Медициналық және азаматтық қоғам арасында жағымды орта қалыптастыру; • медицина қызметкерлерін кәсіби күнімен құттықтау; • медицина саласы қызметкерлерінің үлесін бағалау және оларды номинациялау; • медицина қызметкерлерін жаңа биіктерге жетуге және олардың кәсіби деңгейін арттыруға ынталандыру; • өткен жылы елімізде қолжеткізілген медицина саласындағы нәтижелерді жариялау; • медицинаның даму перспективаларын және негізгі мақсаттар мен міндеттерді анықтау және хабарлау; • медицина саласында салауатты бәсекелестік орта құру. Бұл медицина саласына қатысы бар барлық денсаулық сақтау қызметкерлері мен ұйымдар үшін маңызды оқиға, оның шыңы отандық медицинаның дамуына қосқан үлесін ұлттық мойындау болып табылады. "ALTYN SHIPAGER" сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды, байқау жеңімпаздары жаңа өмір мен ұзақ өмірді бейнелейтін Алтын лавр бұтағы бар хрусталь мүсіншелерді алды. Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұжымы "ALTYN SHIPAGER" байқауының "Үздік медициналық колледж" номинациясының жеңімпаздар қатарына енді.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және табыстары үшін алғысымызды білдіреміз! Одан әрі даму мен жеңістер тілейміз!

КЖМК әкімшілігі